Версия для слабовидящих
Обычная версия

19.12.2018 жылы Қарағанды қаласында өткізілген «Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» Форумы аясында «Көп тілді меңгерген мұғалім» облыстық байқауында №9 «Ақбота» бөбекжайының ағылшын тілі мұғалімі Тұрсынхан Баян «Жаңашыл ұстаз» номинациясы бойынша мақтау қағазымен марапатталды.

19.12.2018

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, жалпы орта білім беретін және мектепке дейінгі білім беретін ұйымдары мұғалімдерінің қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу, меңгеру деңгейін, олардың кәсіби шеберлігін, педагогикалық біліктілігін анықтау.

Байқаудың міндеттері:

  • жалпы орта білім беретін және мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың мұғалімдерінің үш тілді меңгеру деңгейін бағалау;
  • қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген педагогтердің кәсіби өсуін ынталандыру;
  • дарынды, шығармашыл пән мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін зерттеу, жинақтау және тарату.

«Көп тілді меңгерген мұғалім» облыстық байқауының ережесі бойынша Тұрсынхан Баян төмендегі тапсырмалар бойынша өзінің шығармашылық өнері мен педагогикалық білімін үш тілде көрсетті:

  1. Визит карточкасы – 2 мин.
  2. Панорамалық сабақ бойынша видеофрагмент – 4 мин.
  3. TEDx Karagandy «Берілген тақырыпта ой қозғау». Уақыты 3 мин.
  4. Шығармашылық нөмір (тілдерді білуге). Уақыты 3 мин.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Супер балақай» қалалық хореографиялық байқауда №9 «Ақбота» бөбекжайы» тәрбиеленушілері ІІІ-ші орынға иеленді. Қатысушыларымыз: Торебекова Аделина, Козьма Мария, Бураленко Милана, Хизыр Бағым, Үкібай Ясмин, Жаппарбердиева Аида, Набиева Айали, Дарморост Надежда, Ерғали Айлана, Серкебаева Ақжан, Туймаханова Гульден, Мнайдарова Асем, Байболат Айша, Болат Назымды және музыка жетекшісі Орманбаева Ръано Рахметовнаны құттықтаймыз.

08.12.2018


30.11.2018 жылы «№9 «Ақбота» бөбекжайында» «Жас ата-аналар мектебі» жобасы «Білім бастауы – балабақша» атты тақырыпта шеберлік сынып өткізілді. Шеберлік сыныпқа «Теміртау қаласы білім бөлімі» ММ әдіскерлері, ЖАМ-нің модераторы, №21 ЖЖБОМ педагог-психологі, балабақша әдіскерлері қатысты.

Шеберлік сыныпта «Бөбекжай мен мектеп арасындағы ЖАМ жұмысының өзіндік сабақтастығы» атты тақырыппен балабақша әдіскері Нагиманова Жанар Тлеукаловна мен педагог-психолог Жалиева Балжан Айдарбековна қатысушыларды жас ата-аналар мектебі жұмысымен, сондай-ақ оның мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті.

Шеберлік сынып тосын сыйларға толы болды. Балабақшамен қамтылмаған балалармен жұмыс жүргізуде балабақша педагогтері Абекова Гаухар Абдикалиевна балалардың бойын сергіту мақсатында сергіту сәтін музыканың сүймелдеуімен жүргізссе, Пошанова Әйгерім Тұрғынқызы «Джин» бейнесінде келіп, балаларды таң қалдыра білді. Сондай-ақ тәрбиеші Отепова Шуга Жусиповна қатысушыларды балабақша өмірімен де таныстыра кетті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде бөбекжай педагогтері қатысушылармен үш тілде ойын-жаттығулар жүргізді. ІІ-ші кіші топ тәрбиешісі Калиева Е.Т. қатысушылармен «Әжемнің оюларын құрастыр» ойынын, орыс тілі мұғалімі Баимжанова А.С. «Волшебный замок» ойынын және ағылшын тілі мұғалімі Тұрсынхан Б «Open, Close!» қимылды ойынды жүргізді.

Шеберлік сынып соңында балалар мен ата-аналар алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ қонақтар өздерінің тілектерін рухани жаңғыру сұлбасына жазып қалдырып, шыраққа алақандарын жылыту арқылы бір-бірлеріне деген жылулықтарын сыйлады.

30.11.2018 1


новости 1

новости 2


© 2024. КГКП «Ясли-сад «Ақбота» отдела образования города Темиртау управления образования Карагандинской области