Версия для слабовидящих
Обычная версия

19.12.2018 жылы Қарағанды қаласында өткізілген «Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» Форумы аясында «Көп тілді меңгерген мұғалім» облыстық байқауында №9 «Ақбота» бөбекжайының ағылшын тілі мұғалімі Тұрсынхан Баян «Жаңашыл ұстаз» номинациясы бойынша мақтау қағазымен марапатталды.

19.12.2018

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, жалпы орта білім беретін және мектепке дейінгі білім беретін ұйымдары мұғалімдерінің қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу, меңгеру деңгейін, олардың кәсіби шеберлігін, педагогикалық біліктілігін анықтау.

Байқаудың міндеттері:

  • жалпы орта білім беретін және мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың мұғалімдерінің үш тілді меңгеру деңгейін бағалау;
  • қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген педагогтердің кәсіби өсуін ынталандыру;
  • дарынды, шығармашыл пән мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін зерттеу, жинақтау және тарату.

«Көп тілді меңгерген мұғалім» облыстық байқауының ережесі бойынша Тұрсынхан Баян төмендегі тапсырмалар бойынша өзінің шығармашылық өнері мен педагогикалық білімін үш тілде көрсетті:

  1. Визит карточкасы – 2 мин.
  2. Панорамалық сабақ бойынша видеофрагмент – 4 мин.
  3. TEDx Karagandy «Берілген тақырыпта ой қозғау». Уақыты 3 мин.
  4. Шығармашылық нөмір (тілдерді білуге). Уақыты 3 мин.

© 2024. КГКП «Ясли-сад «Ақбота» отдела образования города Темиртау управления образования Карагандинской области