30.11.2018 жылы «№9 «Ақбота» бөбекжайында» «Жас ата-аналар мектебі» жобасы «Білім бастауы – балабақша» атты тақырыпта шеберлік сынып өткізілді. Шеберлік сыныпқа «Теміртау қаласы білім бөлімі» ММ әдіскерлері, ЖАМ-нің модераторы, №21 ЖЖБОМ педагог-психологі, балабақша әдіскерлері қатысты.
Шеберлік сыныпта «Бөбекжай мен мектеп арасындағы ЖАМ жұмысының өзіндік сабақтастығы» атты тақырыппен балабақша әдіскері Нагиманова Жанар Тлеукаловна мен педагог-психолог Жалиева Балжан Айдарбековна қатысушыларды жас ата-аналар мектебі жұмысымен, сондай-ақ оның мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті.
Шеберлік сынып тосын сыйларға толы болды. Балабақшамен қамтылмаған балалармен жұмыс жүргізуде балабақша педагогтері Абекова Гаухар Абдикалиевна балалардың бойын сергіту мақсатында сергіту сәтін музыканың сүймелдеуімен жүргізссе, Пошанова Әйгерім Тұрғынқызы «Джин» бейнесінде келіп, балаларды таң қалдыра білді. Сондай-ақ тәрбиеші Отепова Шуга Жусиповна қатысушыларды балабақша өмірімен де таныстыра кетті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде бөбекжай педагогтері қатысушылармен үш тілде ойын-жаттығулар жүргізді. ІІ-ші кіші топ тәрбиешісі Калиева Е.Т. қатысушылармен «Әжемнің оюларын құрастыр» ойынын, орыс тілі мұғалімі Баимжанова А.С. «Волшебный замок» ойынын және ағылшын тілі мұғалімі Тұрсынхан Б «Open, Close!» қимылды ойынды жүргізді.
Шеберлік сынып соңында балалар мен ата-аналар алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ қонақтар өздерінің тілектерін рухани жаңғыру сұлбасына жазып қалдырып, шыраққа алақандарын жылыту арқылы бір-бірлеріне деген жылулықтарын сыйлады.